Канело-Сондерс жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

0
2 343

Жекпе-жек DASN платформасында тікелей эфирде көрсетіледі.


Канело-Сондерс жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Екінші орта салмақтағы WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес пен осы дивизиондағы WBO белбеуінің иегері ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жек өтетін уақыты белгілі болды. Америкалық журналист және инсайдер Майк Коппинджердің айтуынша, Канело мен Сондерс 8 мамырда жекпе-жекке шығады, деп жазады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, тараптар келісімге келді. Жекпе-жек DASN платформасында тікелей эфирде көрсетіледі. Бокс шоуының қай аренада өтетіні әлі белгісіз.

Канело бұл жекпе-жекке шығу үшін 27 ақпанда WBC белбеуіне міндетті үміткер түркиялық Авни Йылдырыммен жұдырықтасып, жарақатсыз, жеңуі қажет.

Айта кетейік, бұған дейін Альварес Matchroom Boxing басшысы ұлыбританиялық Эдди Хирнмен екі жекпе-жекке келісімшартқа қол қойған болатын. GGG үшінші жекпе-жегінде мексикалық файтермен шықса, бұл 2021 жылдың асыға күткен кездесуі болады деген болжам бар.