"Канело" трилогия алдында Головкин туралы күтпеген мәлімдеме жасады

0
492

Боксшылар 17 қыркүйекте үшінші рет жұдырықтасады.


ERNUR.KZ. Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) 2018 жылы өткен қарымта жекпе-жек даулы болды дегенмен келіспейді, деп жазады vesti.kz.

Боксшылар 17 қыркүйекте үшінші рет жұдырықтасады.

"Ол жеңілгенін біледі, бірақ, бұл туралы ешқашан айтпайды. Алайда оған қынжылмаймын. Екіншісінде ғана емес екі айқаста да жеңгенімді білемін.

Бұл сияқты теңдей айқастар өткенде адамдар әрдайм шешіммен келіспейді. Бір боксшыны да жақтайтындар, екінші тарапты да жақтайтындар болады. Дегенмен бұл бокс үшін жақсы", - деп береді мексикалықтың сөзін Fightnews.info.