Кәрім Бензема Чемпиондар лигасының үздік футболшысы атанды

0
763

Бензема биыл турнирдің үздік сұрмергені атанды.


Кәрім Бензема Чемпиондар лигасының үздік футболшысы атанды

ERNUR.KZ. "Реал" шабуылшысы Кәрім Бензема 2021/2022 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының үздік футболшысы атанды, деп жазады vesti.kz.

Бензема биыл турнирдің үздік сұрмергені атанды. Ол 12 кездесу өткізіп, 15 гол соқты. 15 голдың шабуылшы 10-ын плей-офф кезеңінде салды. Сонымен қатар 34 жастағы Бенземаның еншісінде бір нәтижелі пас бар.

Шабуылшы орташа есеппен бір кездесуде 10,13 километр жүгірген. Ал оның Чемпиондар лигасындағы ең жоғары жылдамғығы 32 километр сағатына болған.

Еске салайық, биыл ЧЛ финалында "Реал" ағылшындық "Ливерпуль" командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор соқты.