Карина Ибрагимова әлем чемпионатының екінші кезеңіне өтті

0
647

​Түркияның Ыстамбул қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы екінші айналымға шықты.


Карина Ибрагимова әлем чемпионатының екінші кезеңіне өтті

ERNUR.KZ. Екінші айналымның жолдамасын Карина Ибрагимова иеленді, деп жазады Vesti.kz.

57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз бірінші кездесуінде румыниялық Клаудиа Ничитаға қарсы жұдырықтасты. Бұл кездесудің үш раундының қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Ибрагимоваға берді.

Айта кетейік, бұл Ибрагимова үшін екінші әлем чемпионаты. Ол 2018 жылы Нью-Дели қаласында өткен біріншілікті қола жүлде иеленген еді.

Еске салайық, осыған дейін әлем чемпионатының екінші кезеңіне Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) шыққан еді.