Катардағы ӘЧ: плэй-офф кезеңіне шыққан тағы бір құрама белгілі болды

0
390

3-тур ойындары енді 2 қарашада өтеді.


Катардағы ӘЧ: плэй-офф кезеңіне шыққан тағы бір құрама белгілі болды

ERNUR.KZ. Бразилия құрамасы әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіне жолдама алды, деп жазады vesti.kz.

G тобының екінші турында бразилиялықтар Швейцариямен кездесті. Матчте соққы көп бола қоймады, ойын тағдырын бір ғана гол шешті. 64-минутта Винисиус Джуниор гол соққан, бірақ төреші офсайдқа байланысты бұл допты есепке алған жоқ.

Ал 83-минутта Каземиро айып алаңында қараусыз қалып, алыс бұрышты дәл көздеді. Бұл гол Бразилия құрамасына 1:0 есебімен жеңіс сыйлады.

Осы жеңістен кейін бразилиялықтар алты ұпай еншілеп, плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Швейцария құрамасы екінші орында - үш ұпай. Камерун мен Сербияда бір ұпайдан бар.

3-тур ойындары енді 2 қарашада өтеді. Бразилия Камерунмен, Швейцария Сербиямен күш сынасады.