Қазақ қызы Америкада хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды

0
783

Бұлбұл Қартанбаева - NWHL әйелдер лигасының тарихындағы бірінші қазақстандық спортшы.


Қазақ қызы Америкада хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды

ERNUR.KZ. Қазақстандық хоккейші қыз Бұлбұл Қартанбаева Америкада 13-14 жасар қыздардан құралған хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігі мәлімет таратты.

«Қазақстандық Бұлбұл Қартанбаеваны құттықтаймыз. Бүгін ол Американың Нью-Джерси штатындағы Princeton Tiger Lilies хоккей клубының бас бапкері қызметіне кірісті» деп жазды елшілік Instagram парақшасында.

Бұлбұл Қартанбаева - NWHL әйелдер лигасының тарихындағы бірінші қазақстандық спортшы.

Ол өткен жылы америкалық «Метрополитен Риветерс» клубымен келісімшартқа отырған болатын.