Қазақстан құрамасы ЕУРО-2020-ға бару мүмкіндігінен айырылды

0
713

Қазақстан қазірдің өзінде екінші орындағы Ресейден 11 ұпай артта.


Қазақстан құрамасы ЕУРО-2020-ға бару мүмкіндігінен айырылды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына бару мүмкіндігінен толықтай айырылды, деп жазады ҚазАқпарат.

І тобындағы командалардың реті жетінші турдан кейін былай: Бельгияда 21 ұпай, Ресейде 18, Кипрде 10, Қазақстанда 7, Шотландияда 6 ұпай, ал Сан-Маринода ұпай жоқ.

Ереже бойынша, әр топтан жоғарғы орындарды алған екі команда құрлық чемпионатының финалдық кезеңіне барады. Қазақстан қазірдің өзінде екінші орындағы Ресейден 11 ұпай артта. Іріктеу кезеңінің қалған үш матчында Қазақстан ең көбі 9 ұпай жинауы мүмкін.

Іріктеу кезеңінің аяғына дейін Қазақстан Бельгиямен (13 қазан), Сан-Мариномен (16 қараша) және Шотландиямен (19 қараша) ойнайды.