Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатын үлкен жеңістен бастады

0
767

12 қыркүйекте Кака жаттықтыратын команда А тобында жарыс жолын бастады.


Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатын үлкен жеңістен бастады

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатындағы алғашқы матчінде Коста-Риканы ұтты, деп жазады Vesti.kz.

Кеше, 12 қыркүйекте Кака жаттықтыратын команда А тобында жарыс жолын бастады.

Литвада өтіп жатқан турнирдегі матч 6:1 есебімен аяқталды.

Бірінші таймнан кейін-ақ қазақстандық команда 4:1 есебімен алда болды. Оныншы минутта Шыңғыс Есенаманов есепті ашты, ал екі минуттан кейін Дәурен Тұрсағұлов оны еселеді. Осы кезде Пабло Родригес жауапты бір гол салды. Дегенмен Қазақстан құрамасы үш минутта екі гол салды, Жуниор (14-ші минут) және Тайнан (17-ші минут).

Екінші таймда қазақстандықтар қарсыластарын ойсыратуын жалғастырды. 27-ші минутта Біржан Оразов қарсылас қақпасына дәл соққы жасады, сол минутта Тайнан дубль жасады.