Қазақстан құрамасы күрестен Азия чемпионатында 17 жүлде жеңіп алды

0
775

Оның жетеуі алтын.


Қазақстан құрамасы күрестен Азия чемпионатында 17 жүлде жеңіп алды

ERNUR.KZ. Алматыда күрестен Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста греко-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы 17 жүлде жеңіп алды. Оның жетеуі алтын, бес күміс және бес қола, деп жазады vesti.kz.

Екі алтын әйелдер командасында.

Әйелдер күресі:

50 келі. Валентина Исламова-Брик - алтын;

53 келі. Асылзат Сағымбай - қола;

55 келі. Айша Уалихан - қола;

57 келі. Алтынай Сатылған - қола;

72 келі. Жәмилә Бақбергенова - күміс;

76 келі. Эльмира Сыздықова - алтын.

Ерлер командасы. Грек-рим күресі:

60 келі. Айдос Сұлтанғали - алтын;

63 келі. Әсетұлы Сұлтан - алтын;

67 келі. Алмат Кебіспаев - күміс;

77 келі. Демеу Жадраев - қола;

97 келі. Ерұлан Ысқақов - қола;

130 келі. Әлімхан Сыздықов - күміс.

Ерлер командасы. Еркін күрес:

61 келі. Адлан Асқаров - күміс;

70 келі. Талғат Сырбаз - алтын;

74 келі. Нұрқожа Қайпанов - алтын;

97 келі. Ерғали Әлішер - күміс;

125 келі. Олег Болтин - алтын.