Қазақстан құрамасы Нидерландыны ірі есеппен ұтты

0
649

Турнирдің соңғы матчында Қазақстан мен Польша кездесіп, бірінші орынға таласады.


Қазақстан құрамасы Нидерландыны ірі есеппен ұтты

ERNUR.KZ. Олимпиада алдындағы хоккей турнирінің екінші матчында Қазақстан құрамасы Нидерланды құрамасымен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Таяуда Украинаға қарсы өткен турнирдегі алғашқы матчта құрамамыз қарсылас қақпасына сегіз шайбы соққан еді. Артынша Талғат Жайлауов бастаған жігіттер Нидерландты 7:1 есебімен ұтты. Жайлауов дубль авторы атанды. Осы турнирде Қазақстан құрамасы сапында Талғатқа дейін бірде-бір хоккейші бір матчта екі шайбы соқпаған еді.

Екі ойыннан кейін Қазақстан алты ұпай иемденіп, бірінші сатыға жайғасты. Екінші орындағы Польшаның да еншісінде алты ұпай. Дегенмен, Қазақстан турнирде Польшамен салыстырғанда бір шайбы артық соқты.

Турнирдің соңғы матчында Қазақстан мен Польша кездесіп, бірінші орынға таласады.

Қазақстан — Нидерланд 7:1 (3:0, 1:1, 3:0)

Шайбы соққандар:

1:0 — 01:01 Блэкер (Шалапов, Шестаков)

2:0 — 08:26 Диц (Рымарев, Старченко)

3:0 — 10:33 Рымарев (Бойд)

4:0 — 22:59 Орехов (Жайлауов, Петухов)

4:1 — 27:22 Ван дер Шуит (Стемфер)

5:1 — 41:57 Сагадеев (Петухов)

6:1 — 52:16 Жайлауов (Сагадеев, Шалапов)

7:1 — 57:56 Жайлауов (Петухов, Сагадеев)