Қазақстан құрамасы өз алаңында Литвадан жеңіліп қалды

0
567

Бұл ойында Қазақстан құрамасының бір ойыншысы алаңнан қуылды.


Қазақстан құрамасы өз алаңында Литвадан жеңіліп қалды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Литва құрамасынан жеңілді. Алматының Орталық стадионында өткен бұл ойын 1:2 есебімен аяқталды, деп жазады Vesti.kz.

Негізі бұл ойында есепті біздің құраманың ойыншылары ашқан болатын. 38-минутта Абат Айымбетов нәтижелі соққысымен көзген түсті. Бірақ Қазақстан құрамасы басымдықты көп ұстап тұра алмады. Араға екі минут өткен соң қонақтар Стас Покатиловтың қақпасына гол соғып, есепті теңестірді. Көзге түскен Модестас Воробьёвас. Ал екінші таймның аяқталар тұсында Литва құрамасы жеңісті голды соқты. Бұл жолы Арвидас Новиковас гол соғып кетті.

Екінші таймда Қазақстан құрамасы бір ойыншыға кем ойнады. Матчтың 50-минутында Исламбек Қуат екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Бұл жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы С лигасының 4 тобында соңғы орнында қалды. Енді төменгі дивизионға түсіп кетпеу үшін біздің құрама тоғыспа кездесу өткізеді. Биыл Ұлттар лигасында Михал Билек жаттықтыратын құрамамыз төрт ғана ұпайға қол жеткізе алды.

Айта кетейік, бұл бас бапкер Михал Билек үшін ұлттық құрамадағы соңғы ойыны болуы мүмкін. Себебі, бірнеше БАҚ чех маманын жуырда қызметінен кететінін жазып жатыр.