Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Беларусьтен тағы жеңіліп қалды

0
490

С лигасының 4-тобының кездесуі Минскіде өтті.


Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Беларусьтен тағы жеңіліп қалды

ERNUR.KZ. Қазақстанның футбол құрамасы Ұлттар лигасында топтық раундтың төртінші турында Беларусь командасынан жеңіліп қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

С лигасының 4-тобының кездесуі Минскіде өтті және 2:0 есебімен алаң иелері жеңді. Бірінші таймда Евгений Яблонский белорустерді алға шығарды, ал қосымша берілген уақыттың үшінші минутында Роман Юзепчук гол соқты.

Осылайша Михал Билектің командасы Беларусь құрамасынан екінші рет жеңілді. Енді олар жеті ұпаймен топта бірінші болып тұр, ал Қазақстан құрамасы төрт балмен квартеттің соңында қалды.