Қазақстан құрамасының футболшысы допингпен ұсталды

0
502

Оның бойынан дәл қандай зат табылғаны және допинг-тест қай матчтан кейін алынғаны әлі белгісіз.


Қазақстан құрамасының футболшысы допингпен ұсталды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин допингпен ұсталды, деп жазады vesti.kz.

Дереккөздің мәлімдеуінше, футболшының тапсырған тесті тыйым салынған заттардың іздерін көрсеткен. Осы себепті Руслан Валиуллин Босния мен Герцеговинаға қарсы іріктеу матчына қатыспаған.

Оның бойынан дәл қандай зат табылғаны және допинг-тест қай матчтан кейін алынғаны әлі белгісіз.

Валиуллин салған екі голдың арқасында Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтанда өткен матчта Украинамен 2:2 есебімен ойнады.