Қазақстан U-17 қыздар құрамасы Халықаралық даму жарысына қатысады

0
721

Біздің қыздар ҚФФ-ның Талғардағы базасында апталық оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Албаниядағы жарысқа аттанды.


Қазақстан U-17 қыздар құрамасы Халықаралық даму жарысына қатысады

ERNUR.KZ. Қазақстан қыздар құрамасы (U-17) Дуррес қаласында өтетін (Албания) Халықаралық даму жарысына қатысады, деп жазады olympic.kz.

Біздің қыздар ҚФФ-ның Талғардағы базасында апталық оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Албаниядағы жарысқа аттанды. Сонда Александра Рудикованың шәкірттері Албания, Черногория және Косово құрамаларымен бақ сынасады.

Қазақстан қыздар құрамасының жарысқа аттанған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Әсел Әнуарбек (БЖМОРСМ №17), Алина Комарова («Шахтер»);

Қорғаушылар: Аделия Бекқожина, Анастасия Перейма (екеуі де – «Астана»), Әсел Орынбай («БИІК-Шымкент»), Гүлизат Рысбек (БЖМОРСМ №17), Александра Набокова («Шахтер»), Асыл Кәкен («Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Аяжан Шамбаева («Ақтөбе»), Алина Лозукова (БЖМОРСМ №17), Диана Нақыпбек («Шахтер»), Дарья Дармодехина («Алтай»), Аяжан Қожабекова («Ақсу»), Анель Бланк («Жетісу»), Элина Ірісметова («Тұран»), Жанеля Ержанова, Анеля Мамырова (екеуі де – «Томирис-Тұран»);

Шабуылшылар: Алина Хан, Валерия Попова (екеуі де – БЖМОРСМ №17), Анель Мақсат («Қайрат»);

Бапкерлер штабы:

Александра Рудикова – аға бапкер, Евгений Морунов – аға бапкердің көмекшісі, Орынбасар Дәуренбекова – аға бапкердің көмекшісі, Александр Борисов – қақпашылар бапкері.

Қазақстан қыздар құрамасының ойындар күнтізбесі:

03.05.2022 | 17:30

Қазақстан WU-17 – Косово WU-17

05.05.2022 | 17:30

Черногория WU-17 – Қазақстан WU-17

08.05.2022 | 14:00

Албания WU-17 – Қазақстан WU-17

(Нұр-Сұлтан уақыты көрсетілген)