Қазақстан волейболшылары құрлықтық кубок ойындарына қатысады

0
37

Турнир 21 қыркүйекте аяқталады.


Қазақстан волейболшылары құрлықтық кубок ойындарына қатысады

ERNUR.KZ. Ертең, 13 қыркүйек күні Иран астанасы Тегеранда волейболдан ерлер арасында жиырмасыншы Азия кубогы басталады, деп жазады 24.kz.

Қазақстан құрлық біріншілігінің алғашқы матчында Үндістанға қарсылас атанады. Турнирге төрт топқа бөлінген 16 команда қатысады.Осыдан екі жыл бұрынғы жетістігіне байланысты Қазақстан құрамасы екінші себетке түсіп, С тобында Қытай, Үндістан және Оманмен ойнайды Басқа топтар: А тобы: Иран, Аустралия, Қатар, Шри Ланка; В тобы: Жапония, Қытай Тайпэйі, Тайланд, Гонконг (Қытай); D тобы: Оңтүстік Корея, Индонезия, Кувейт, Пәкістан. Қазақстан құрамасы 13-қыркүйекте үндістандықтармен, 14-і Оманмен, ал 15-қыркүйекте – Қытаймен кездеседі.

Турнир 21 қыркүйекте аяқталады.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет