Қазақстанда ауыр атлетикадан бір ғана Олимпиада чемпионы қалды

0
683

Осыған дейін Қазақстанда ауыр атлетикадан барлығы алты Олимпиада чемпионы болды.


Қазақстанда ауыр атлетикадан бір ғана Олимпиада чемпионы қалды

ERNUR.KZ. Қазақстанда ауыр атлетикадан бір ғана Олимпиада чемпионы қалды. Ол Алла Важенина, деп жазады Tengrinews.kz

Важенина 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарында 75 келіге дейінгі салмақта екінші орын алған болатын, бірақ 2016 жылдың соңында ХОК қытайлық ауыр атлет Као Лейдің нәтижелерін жойып, Важенина Олимпиада чемпионы атанды.

Осыған дейін Қазақстанда ауыр атлетикадан барлығы алты Олимпиада чемпионы болды. Олар: Илья Ильин (Ильин екі дүркін Олимпиада чемпионы 2008 және 2012), Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Нижат Рахимов. Бірақ бұлардың барлығы қайта тексерістен кейін алтыннан айырылды.