Қазақстанда жаңа бокс федерациясы құрылды

0
1 507

Жаңа федерациясының президенті қызметіне панкратионнан әлем чемпионатының жүлдегері Қайрат Мұқатов тағайындалды.


Қазақстанда жаңа бокс федерациясы құрылды

ERNUR.KZ. «Қазақстандық спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі елімізде Бирма бокс федерациясының құрылғанын хабарлайды, деп жазады baq.kz.

Жаңа федерациясының президенті қызметіне панкратионнан әлем чемпионатының жүлдегері Қайрат Мұқатов тағайындалды.

Бүгінде Бирма боксы әлемнің көптеген елінде Еуропада, АҚШ-та, Канадада және Ресейде қарқынды дамып келеді. Жақында бокстың бұл түрі Қазақстанда да тіркелді. Енді Бирма боксы қазақстандық спортшылар одағы және жаңа Федерацияның қолдауымен дамиды, - деді Қайрат Мұқатов Нұр-Сұлтанда өткен салтанатты жиында.

Сонымен қатар елордадағы Salahuddin спорт клубында Бирма боксының бірінші спорт залы ашылды.

Кез келген спорт түрін дамыту күш-жігер мен еңбекті талап етеді. Сіздер осы спорт түрін елімізде қарқынды дамытасыздер деген үміттемін. Бұл залда чемпиондар тәрбиеленсін. Жұмыстарыңызға сәттілік, табыс тілеймін, - деді «Қазақстан спортшылар одағы» РҚБ төрағасы Азамат Қарлығашев.

Алдағы уақытта Бирма бокс федерациясы Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығына кіруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ федерация мүшелері Польшадағы әлем чемпионатына қатысады. Іріктеу турнирі Нұр-Сұлтанда өтеді, оған 11 облыстың спортшылары қатысады.

Бізді дүниежүзілік Бирма бокс федерациясының вице-президенті Денис Владимиров 2021 жылдың мамырында өтетін әлем чемпионатына шақырды. Алдағы уақытта 17 салмақ дәрежесі бойынша спортшыларды іріктейміз, - деді Қайрат Мұқатов.

Айта кетейік, Бирма боксы немесе летхвей – Мьянманың ежелгі жекпе-жек өнері.