Қазақстанда жаңа велокоманда құрылды

0
515

Жаңа команда Испанияның Андалусия аймағында, Херес-де-ла-Фронтера қаласында орналасып, 17-18 жастағы жасөспірімдер тәжірибе жинауы үшін Испания мен Еуропа елдеріндегі әр түрлі халықаралық жарыстарға қатысады деп жоспарлануда.


Қазақстанда жаңа велокоманда құрылды

ERNUR.KZ. "Астананың" бас менеджері Александр Винокуров Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының базасы болатын жаңа команда құрғанын хабарлады, деп жазады zakon.kz.

"Біздің құрлықтық Vino-Astana Motors командасының тәжірибесін қолдана отырып, Солтүстік Қазақстан облысы басшылығының қолдауымен біз Vino Junior Team мен Iuvenis Cycling Academy/RuleCycling-Movijerez велоакадемияларының негізінде Хуан Карлос Молинамен бірлескен қазақ-испан жасөспірімдер командасын құратын болдық", - деп жазды Винокуров Инстаграмдағы парақшасында.

Жаңа команда Испанияның Андалусия аймағында, Херес-де-ла-Фронтера қаласында орналасып, 17-18 жастағы жасөспірімдер тәжірибе жинауы үшін Испания мен Еуропа елдеріндегі әр түрлі халықаралық жарыстарға қатысады деп жоспарлануда.

"Осылайша бәріміз бірігіп, қазақстандық велоспортты дамыту үшін тағы бір қадам жасамақпыз", - деп қорытындылады Винокуров.