Қазақстандық Әли Ахмедов WBC рейтингінде топ-15 тізіміне енді

0
683

Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегінен соң WBC рейтингіне енген.


Қазақстандық Әли Ахмедов WBC рейтингінде топ-15 тізіміне енді

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов WBC рейтингінде топ-15 тізіміне енді, деп жазады Тengrinews.kz.

Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін 6 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізген. Қарсыласы америкалық Эндрю Эрнандес болған.

Кездесу 12 раундқа есептелген, бірақ қазақстандық боксшы бірінші раундтың 44-секундында қарсыласын нокаутқа түсірген. Осылайша, Ахмедов титулын қорғап қалған болатын.

Осы жеңістен соң ол WBC рейтингіне еніп, екінші орта салмақ тізімінде 15-орынға орналасты.

Айта кетейік, Ахмедов жұдырықтасқан бокс кешінің басты жекпе-жегінде Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко орта салмақта IBF және IBO титулдарын сарапқа салған. Боксшылар 12 раунд бойы қолғап түйістіріп, Головкин төрешілер шешімімен жеңген еді.