Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпованы Таиландта тонап кетті

0
539

Ұрының спортшының үйіне кіріп бара жатқан сәті видеоға түсіп қалған.


Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпованы Таиландта тонап кетті

ERNUR.KZ. Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Фируза Шәріпованы Таиландта тонап кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ұрының спортшы тұрып жатқан үйге кіріп бара жатқан сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Бейнежазбадан ұзын бойлы, арықша келген адамның аулада қалай жүргенін көруге болады. Алайда капюшон киіп алған «қонақтың» жүзі видеоға түспеген.

Қарақшы спортшының үйіне түнде кіріп, ақшасы бар сөмкесін, оның ішінде жекпе-жекке дайындалуға арналған қаражатын алып кеткен.

Оқиға орнына полиция шақырылып, күдіктінің ізін алғанымен, оның кім екені әлі анықталған жоқ.

Айта кетсек, Фируза Шәріпова 2023 жылдың көктеміндегі Малави чемпионы Рут Чисейлге қарсы өтетін жекпе-жегіне дайындалу үшін Таиландқа барған болатын.

Еске салайық, 2022 жылдың 23 желтоқсанында Фируза Шәріпова кәсіби мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізді.