Қазақстандық боксшы Ташкентте өзбек қарсыласын жеңді

0
626

Алты раундқа есептелген айқас қорытындысы бойынша Коточигов жеңіске жетті.


Қазақстандық боксшы Ташкентте өзбек қарсыласын жеңді

ERNUR.KZ. Қазақстандық Виктор Коточигов (13-2, 5 КО) Ташкентте өткен бокс кешінде жекпе-жеке шықты, деп жазады vesti.kz.

Бірінші жартылай орта салмақтағы айқаста "Қазақ патшасы" лақап атты Виктор жергілікті боксшы Сардор Музаффаровпен (4-6, 2 КО) жұдырықтасты.

Алты раундқа есептелген айқас қорытындысы бойынша Коточигов жеңіске жетті.