Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатынан 10 медаль жеңіп алды

0
1 050

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан екінші орын иеленді.


Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатынан 10 медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Кувейтте 2005-2006 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Турнир нәтижесі бойынша қазақстандық боксшылар 10 медаль жеңіп алды деп жазады Olympic.kz.

67 келідегі Батырхан Сейтенов пен +70 келідегі Ердос Шәріпбек Азия чемпионы атанды. Ал 61 келідегі Виктор Литвинов күміс медаль еншіледі.

Азия чемпионатының қола жүлдегерлері тізімі төмендегідей:

1. Дамир Байпақов, 37 келі

2. Әмір Сейілхан, 40 келі

3. Бахтияр Анарбаев, 43 келі

4. Дархан Нұржігіт

5. Сұлтан Молдаш, 49 келі

6. Жасұлан Абдолла, 55 келі

7. Жандос Ерсұлтанов, 64 келі

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан екінші орын иеленді.