Қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары белгілі болды

0
480

Бұл турнир Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатыр.


Қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақ боксшылардың Азия чемпионатының финалында айқасатын қарсыластары белгілі, деп жазады vesti.kz.

Бұл турнир Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасынан алтынға алты боксшы таласқа түседі. Олардың төртеуінің қарсыласы Өзбекстан құрамасының өкілдері.

Финал 25 және 26 қаңтарға белгіленген.

48 келіде. Санжар Тәшкенбай - Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан)

54 келіде. Нұрсұлтан Алтынбек - Флинт Джара (Филиппины)

57 келіде. Махмұт Сабырхан - Саравут Суктхет (Таиланд)

67 келіде. Абзал Серік - Бехзод Хамидов (Өзбекстан)

71 келіде. Сабыржан Аққалықов - Нурислом Исмоилов (Өзбекстан)

75 келіде. Диас Молжігітов - Алохон Абдуллаев (Өзбекстан)