Қазақстандық бұрымдылар Азия чемпионатында сегіз алтын жеңіп алды

0
585

Соңғы жекпе-жекте ең ауыр салмақтағы боксшымыз бақ сынады.


Қазақстандық бұрымдылар Азия чемпионатында сегіз алтын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Ляззат Кунгейбаева 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанып Дубайдағы континенталдық турнирде Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салды, деп жазады Vesti.kz.

Финалды Ляззаттың қарсыласы Үндістан өкілі Анупама болды. Қазақстандық боксшы төрешілер шешімі бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Дубайдағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы он салмақ дәрежесінен тек екеуінде есе жіберіп, жалпы есепте көш бастады.