Қазақстандық екі боксшы WBC нұсқасы бойынша үздік боксшы аталымына үміткер

0
2 300

Қазақстандық екі боксшы да соңғы кездесуін 17 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткізді.


Қазақстандық екі боксшы WBC нұсқасы бойынша үздік боксшы аталымына үміткер

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) 2020 жылдың қорытындысы бойынша үздік боксшыларды анықтауға дауыс беруді бастады. Үміткерлердің ішінде қазақстандық екі боксшы бар, деп жазады Tengrinews.kz.

Спорт порталының мәліметінше, үміткерлердің қатарына кәсіпқой боксшылар - 22 жастағы Бек Нұрмағанбет және 20 жастағы Евгений Павлов кірді. Олар "Жыл проспекті" аталымында бақ сынайды. Сондай-ақ бұл аталымда жеңіс үшін Себастьян Фундора, Дэвид Пикассо, Элвис Родригес және Габриэль кіші-Флорес үміткерлер тізімінде.

Айта кетейік, қазақстандық екі боксшы да соңғы кездесуін 17 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткізді. Нұрмағанбет техникалық нокаутпен ганалық Эммануэль Дансоны, ал Павлов филиппиндік Алие Лаурелді төрешелірдің шешімімен жеңді.

Сонымен қатар WBC мынадай аталымдарда үздіктерді анықтайды: жыл нокауты, жыл жекпе-жегі, жыл бапкері, жыл боксшысы т.б. Мына сілтеме арқылы дауыс беруге болады.