Қазақстандық файтер қыз UFC-дегі алғашқы жекпе-жек үшін қанша алғаны жарияланды

0
669

Бұл шоудың ең мықты кездесуі деп мойындалды.


Қазақстандық файтер қыз UFC-дегі алғашқы жекпе-жек үшін қанша алғаны жарияланды

ERNUR.KZ. Қазақстандық файтер қыз Мария Агапова UFC промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегі үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz.

Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) мәліметіне сүйенсек, Агапова бұл кездесу үшін 20 мың доллар (жеңгені үшін үстеме 10 мың) алған, ал оның қарсыласы Сайферске 35 мың доллар (сомма демеушілер мен үстеме төлемдерсіз көрсетілген) тиген.

Мұның алдында, қазақстандық қызға UFC осы кештегі ең мықты жекпе-жек үшін қосымша 50 мың доллар төлейтінін хабарланған.