Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева әлем чемпионы атанды

0
887

Галышеваға 79,14 ұпай беріліп, жеңімпаз атанды.


Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Юлия Галышева фристайл мен сноубордтан әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды, деп жазады Stan.kz.

АҚШ-тағы Парк-Ситиде өткен додада Галышева үздік үштіктің қатарында болды. Ал негізгі финалда қазақстандық команданың лидері оқ бойы озып, тіпті 2018 жылғы Олимпиада чемпионы франциялық Перрин Лаффонды шаң қаптырды.

Галышеваға 79,14 ұпай беріліп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды Аустралиядан келген Этони Джакара (78,99 ұпай), үшінші орынды франциялық Лаффон (78,70 ұпай) еншіледі.