Қазақстандық футбол клубы Ресей чемпионатында ойнайды

0
1 302

Клуб өкілдері Алматыдан Мәскеу облысына аттанған, онда олар ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.


Қазақстандық футбол клубы Ресей чемпионатында ойнайды

ERNUR.KZ. Ресейлік Кәсіпқой футбол лигасына (КФЛ) "Қайрат-Мәскеу" атты жаңа клуб қатысады, ол "Батыс" аймағында өнер көрсетеді, деп жазады tengrinews.kz.

Клуб өкілдері Алматыдан Мәскеу облысына аттанған, онда олар ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Турнирдің басталуы биыл тамызға жоспарланған.

"Қайрат-Мәскеу" Красногорскіде орналасады, өз алаңындағы ойындарын да сонда өткізеді. Команданы Кирилл Кекер жаттықтырады, оған Евгений Коструб пен Вадим Боровский көмектеседі.

Басылым мәліметінше, команданың негізгі ойыншылары "Қайраттың" дублі - "Қайрат-Жастар" сапынан құралады. "Қайрат-Жастар" қазір Қазақстан Бірінші лигасында ойнап жатыр. Бұл команданың негізгі футболшылары Ресейде ойнайтын клубқа ауысса, "Қайрат-Жастар" сапын академияның жас тәрбиеленушілері толтырады.