Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында бес бірдей медаль иемденді

0
1 065

Адиля Тілекенова көпсайыста қола, шеңбер жаттығуы мен түйреуіш сайысында күміс, доп және лента жарысында қола жүлдеге ие болды.


Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында бес бірдей медаль иемденді

ERNUR.KZ. Адиля Тілекенова көркем гимнастикадан Тайландтың Паттая қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бес бірдей медальге ие болды, деп жазады holanews.kz.

Ол көпсайыста қола, шеңбер жаттығуы мен түйреуіш сайысында күміс, доп және лента жарысында қола жүлдеге ие болды.

Тағы бір спортшымыз Айдана Шакенова да доппен жаттығу сайысында күміс жүлдені иемденді.

Ұлттық олимпиада комитетітінің хабарлауынша, еліміз атынан жекелей сында Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова, Роза Абитова және Айдана Шәкенова өнер көрсетсе, топтық жаттығуда Джессика Будник, Регина Сұлтанова, Даяна Жақыпова, Жанерке Дәулетқұлова, Дария Шарафиденова және Сағина Мұратқызы сынға түсті.

Естеріңізге сала кетейік, көркем гимнастикадан Азия чемпионаты 18 маусым күні басталды. Жалпы көрсеткіш бойынша Қазақстан 6 медальмен төртінші орынға жайғасты.