Қазақстандық гимнасттар әлем кубогі кезеңіне қатысады

0
647

Жарыс 2-4 қазан аралығында өтеді.


Қазақстандық гимнасттар әлем кубогі кезеңіне қатысады

ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшылар спорттық гимнастикадан әлем кубогіне қатысады, деп жазады Olympic.kz.

2-4 қазан аралығында Венгрияның Сомбахтей қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогінің кезеңі өтеді. Аталған додаға Қазақстан сапынан үш спортшы қатысады. Атап айтқанда, Милад Карими, Нариман Курбанов және Ильяс Азизов халықаралық бәсекеде ел намысын қорғайды.