Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың IBF-тегі рейтингі қандай

0
851

Орта салмақта Геннадий Головкин тізімнің үшінші сатысында қалды.


Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың IBF-тегі рейтингі қандай

ERNUR.KZ. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санаты бойынша жаңартылған рейтингті жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

Орта салмақта Геннадий Головкин тізімнің үшінші сатысында қалды. Бірінші орын украиналық Сергей Деревянченкоға тиесілі. Бұған дейін хабарлағанымыздай, GGG Деревянченкомен әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуі ықтимал.

Мейірім Нұрсұлтанов 11-ден 10-ыншы орынға көтерілді.

Жартылай орта салмақ санатында бұған дейін 14-інші позициядан көрініп келген Бақтияр Эюбов ТОП-15-тен шығып қалды.

Нұрсұлтан Жанабаев рангтар туралы табельге 15-інші болып енді. Бұл дивизионда әлем чемпионы атағы Эррол Спенске тиесілі. Ал бірінші орында өзбек боксшысы Кудратилло Абдукахоров тұр.