Қазақстандық хоккейші ресейлік команданы жаттықтыратын болды

0
681

Ол қарағандылық хоккей мектебінің түлегі.


Қазақстандық хоккейші ресейлік команданы жаттықтыратын болды

ERNUR.KZ. Ресейлік "Тамбов" хоккей клубының жаңа бапкері болып Дмитрий Крамаренко тағайындалды, деп жазады vesti.kz.

40 жастағы Крамаренко қарағандылық хоккей мектебінің түлегі. Карьерасын "Лада" сапында бастаған, ал 2001 мен 2009 жылдар аралығы алматылық "Еңбек", қарағандылық "Юность", "Қазақмыс", "Ертіс", "Барыс", "Сарыарқа" және ресейлік "Капитан" командаларында өнер көрсеткен.

Крамаренко 2010 жылы 31 жасында бапкерлікпен айналыса бастады да, "Сарыарқаны" жаттықтырды (сегіз ойында сегіз жеңіс). Одан кейін "Арыстан", "Құлагер", "Теміртау" командаларымен жұмыс істеді.

2017 жылы "Сарыарқаға" оралды, кейін "Молот - Прикамье" мен "Ермак" клубтарына барды. Крамаренконың кейінгі жаттықтырған командасы - "Рязань".