Қазақстандық киберспортшы әлем чемпионы атанды

0
636

IEM Rio major 2022 жүлде қоры - 1,25 млн доллар. Финалда жеңіске жеткені үшін Outsiders 500 мың доллар ұтып алды.


Қазақстандық киберспортшы әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық киберспортшы Алексей (Qikert) Голубев Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) ойыны бойынша 2022 жылғы әлем чемпионы атанды, деп жазады vesti.kz.

Голубев өнер көрсететін Outsiders командасы 31 қазаннан 13 қарашаға дейін Рио-де-Жанейрода өткен IEM Rio Мajor 2022 үлкен финалында Данияның Heroic командасынан басым түсіп, жеңіске жетті.

Айта кетейік, Outsiders командасының жаттықтырушысы қазақстандық Дастан Ақбаев.

IEM Rio major 2022 жүлде қоры - 1,25 млн доллар. Финалда жеңіске жеткені үшін Outsiders 500 мың доллар ұтып алды.