Қазақстандық ММА файтері қарсыласын ерекше тәсілмен жеңді

0
806

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.


Қазақстандық ММА файтері қарсыласын ерекше тәсілмен жеңді

ERNUR.KZ. Қазақстандық файтер Ерназ Мұсабек Бахрейнде өтіп жатқан ММА бойынша әлем біріншілігінің жартылай финалына шықты, деп жазады Тengrinews.kz.

1/2 финалға өту үшін Мұсабек алаң қожайының Мансұр Магомедовпен шықты. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Қазақстанды спортшы қарсыласына гогоплата әдісін (қылғындыру тәсілі) қолданды.

Соған қарамастан қарсылас бұл әдістен шығуға талпынып, Мұсабекті еденнен көтеріп алып, жерге бұрқ еткізді. Алайда қазақстандық файтердің қолын үзе алмады. Соның салдарынан Магомедов есінен танып қалды, рефери дереу жекпе-жекті тоқтатты.