Қазақстандық ММА шебері ресейлік қарсыласын 84 секундта сұлатты

0
2 427

Оның қарсыласы ресейлік Константин Андрейцев еді.


Қазақстандық ММА шебері ресейлік қарсыласын 84 секундта сұлатты

ERNUR.KZ. Мәскеуде аралас жекпе-жектен Eagle Fighting Championship 33 турнирі өтіп, онда ауыр салмақтағы қазақстандық спортшы Акбар Таиров (2-1) алаңға шықты, деп жазады zakon.kz.

Оның қарсыласы ресейлік Константин Андрейцев (16-13) еді. Үш раунд болады деп басталған төбелес 84 секундтан кейін техникалық нокаутпен аяқталды.

Осылайша Акбар Таиров өзінің кәсіпқой карьерасында үшінші жеңісіне жетті.