Қазақстандық спортшы әлем чемпионатының жүлдегері атанды

0
1 286

90 елдің мергендері қатысқан әлемдік додада үшінші орынды иеленді


Қазақстандық спортшы әлем чемпионатының жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшы Андрей Худяков ату спортынан Оңтүстік Кореяның Чхавон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, ол жылжыламы нысананы көздеу сайысында Ресей мен Украина спортшыларынан қалып қойды.

«Бұл менің алғашқы чемпионатым. Осының алдында тек Чехия Гран-При жарысына қатысқан едім. Жарыс жоғары деңгейде, мықты спортшылар өте көп. Көрсеткен нәтижеме көңілім толады. Бұл менің жеке рекордым.Жарыстың алғашқы жартысында көш бастап келе жатқан едім, өкінішке орай екінші жартысында қобалжу кесірін тигізген болар, сәл нашар өнер көрсеттім. Алдағы жарыстарда қателік жібермеуге тырысамын. Еңбек етіп, жаттығу жасау керек. Шынымды айтсам, жүлделі орын аламын деп, медаль, нәтиже туралы ойламадым. Нәтижесінде әлем чемпионатында жеке рекордымды орнатып, үшінші орын алдым», - дейді Андрей Худяков.

Жарысқа Қазақстаннан 15 спортшы қатысты. Қыркүйектің 2 күні жалауы желбіреген дода 15 қыркүйекте мәресіне жетеді.

Әлем чемпионатына 90 елдің мергендері қатысуда.