Қазақстандық спортшы мұрны сынса да, жекпе-жекті жеңіспен аяқтады – видео

0
701

Аралас жекпе-жек шебері он бірінші жеңісіне жетті.


Қазақстандық спортшы мұрны сынса да, жекпе-жекті жеңіспен аяқтады – видео

ERNUR.KZ. Аралас жекпе-жек спортшысы Арман Әшімов (10-3-1) кәсіби карьерасындағы он бесінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады sputniknews.kz.

Қазақстандық спортшы Ресейдің Орынбор қаласындағы M-1 Challenge 104 турниріне қатысты. Ол бразилиялық Флавио Да Силва Сантоспен (9-3) жекпе-жек өткізді. Қарсыласының мықты болғанына қарамастан, Әшімов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Бразилиялық спортшы бірінші раундта айналып теуіп, Әшімовтің мұрнын сындырды. Алайда бұл қазақстандықтың жеңіске жетуіне кедергі бола алмады.

Арман Әшімов ММА-дегі карьерасында он бірінші жеңісіне жетті. Мамыр айында қол жарақаты салдарынан Александр Доскальчуктен (10-1) жеңілген болатын. Ал содан кейін үш рет қатарынан қарсыласын ұтып отыр. Бұған дейін қазақстандық Кристиан Кольядо (0-1) мен Кайк Аленкардан (9-1) басым түсті.