Қазақстандық спортшы жас әлемдік жұлдыздардың үздік ондығына енді

0
581

20 жастағы теннисші биыл 36-шы орыннан 17 позицияға көтерілді.


Қазақстандық спортшы жас әлемдік жұлдыздардың үздік ондығына енді

ERNUR.KZ. Sportsmole.co.uk басылымы әлемдік теннистің үздік он жас жұлдызының тізімін құрастырды. Оған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылы US Open титулымен аяқтаған Андрееску мен 2020 жылғы Рыбакина арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Қазақстанның атынан өнер көрсететін 20 жастағы теннисші өткен шілдеде алғашқы жүздікке еніп, биыл 36-шы орыннан 17 позицияға көтерілді. WTA Tour титулын иеленді және өткен айда Дубайда София Кенин мен Каролина Плишкованы жеңіп, үш финалға жетті», - делінген БАҚ-та.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Рыбакина алғаш рет өз мансабында әлемдік рейтингтің ТОП-20-сына кіріп, тарихи жетістікке қол жеткізді.