Қазақстандық спортшылар арбада отырып би билеуден әлем чемпионатына жолдама алды

0
1 375


Қазақстандық спортшылар арбада отырып би билеуден әлем чемпионатына жолдама алды

ERNUR.KZ. Нидерландының шығысындағы Кёйк қаласында арбада отырып би билеуден халықаралық лицензиялық турнир аяқталды, - деп жазды tengrinews.kz.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Жарыс 19-21 сәуір аралығында өтті. Оған әлемнің 15 мемлекетінен 85 биші қатысты. Дүбірлі додада ел намысын Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының және Қарағанды облысының спортшылары қорғады. Елордалық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мектеп өкілдері турнирде 7 медальды еншіледі. Олардың үшеуі - күміс, төртеуі - қола жүлде.

Жарыс қорытындысы бойынша отандық спортшылар биыл күзде Германияның Бонн қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Бишілерді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлия Түсіпбекова дайындады.