Қазақстандық спортшылар Үндістанда қос "алтынға" қол жеткізді

0
1 131

Чемпионат 12-16 қыркүйек күндері өтті.


Қазақстандық спортшылар Үндістанда қос

ERNUR.KZ. Үндістанның Нью-Дели қаласында самбо күресінен жасөспірімдер, жастар арасында және ерлер мен әйелдер арасында жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты аяқталды, деп жазады Алтайньюс.

Чемпионат 12-16 қыркүйек күндері өтті. Жарысқа 21 мемлекеттен келген 300-ден аса спортшы Үндістанда бақтарын сынап, баптарын байқады. Бұл байрақты бәсекеде Қазақстан құрама командасынан 30-ға жуық самбошы қатысқан болатын. Отызға тарта оғланның ішінде Семей спорт академиясының үш спортшысы ұлттық құрама сапында ел намысын қорғады.

Жасөспірімдер арасында сынға түскен Есентай Имаханов 60 кг чемпион атанса, ересектер арасында Руслан Жылқыбаев 82 кг алтын алды. 74 кг белдескен Шалқыбек Рахметоллаев үздік бестікке кірді. Спорт академиясының бапкері Біржан Имаханов Азия чемпионатында төрешілік жасап, «үздік төреші» дипломымен марапатталды. Айта кетейік, біздің спортшыларды Үнді еліне Қайрат Күнсафин мен Біржан Имаханов баптап апарған болатын. Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 13 алтын, 7 күміс, 1 қола медальмен аяқтады.