Қазақстандық таеквондошы Түркиядағы турнирде қола жүлде жеңіп алды

0
844


Қазақстандық таеквондошы Түркиядағы турнирде қола жүлде жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық таеквандошы Қайрат Сарымсақов Түркияда Президент кубогында қола медаль жеңіп алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Түркиядағы турнир Қазақстан командасының дайындық кезеңінің бірі саналады. Сарымсақов 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Нұрлан Мырзабаев 16-орынға табан тіресе, Рахым Әділханов 22 орынға жайғасты. Ербол Бейсенбай 32-орын иеленсе, Елдар Бірімбай да тізімде 32-ші сатыда тұр.