Қазақстандық теннисші әлемнің 20-ракеткасын жеңді

0
561

Ол жарыстың 1/8 финалына өтті.


Қазақстандық теннисші әлемнің 20-ракеткасын жеңді

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Аустралияның Брисбен қаласында WTA сериясының турнирінде әлемнің 20-ракеткасын жеңді, деп жазады Tengrinews.kz.

1/16 финалда қазақстандық теннисші әлемнің 20-ракеткасы хорватиялық Донна Векичпен кездесті. Путинцева кездесудің жеңімпазы атанды.

Есеп 6:3, 3:6, 7:5 болды. Осылайша қазақстандық спортшы қыз жарыстың 1/8 финалына өтті. Оның келесі айналымдағы қарсыласы америкалық Даниэль Коллинз болады.

Айта кетейік, Путинцева WTA рейтингінде 32-орында тұр.