Қазақстандық теннисші әлемнің бесінші ракеткасын ұтып кетті

0
1 015

Аталған турнир Сиднейде өтіп жатыр.


Қазақстандық теннисші әлемнің бесінші ракеткасын ұтып кетті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Сиднейдегі турнирде әлемнің бесінші ракеткасынан басым түсті, деп жазады ERNUR.KZ.

Турнирдің 1/8 финалында Юлия америкалық Слоан Стивенске қарсы ойнаған болатын. Аса тартысты өткен матчтың алғашқы сетінде Путинцева 3:6 есебімен қарсыласқа жол беріп қойды. Ал екінші және үшінші сет қазақстандық спортшының жеңіісімен аяқталды.

Енді, Сиднейдегі турнирдің ¼ финалында Юлия Путинцева голландиялық Кики Бертенспен кездесетін болады.

дереккөз: оlympic.kz.