Қазақстандық теннисші Анна Данилина Варшава турнирінің жеңімпазы атанды

0
329

Анна Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, корт иелері Катажина Кава – Алисия Росольскамен шеберлік байқасты.


Қазақстандық теннисші Анна Данилина Варшава турнирінің жеңімпазы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады Vesti.kz.

Анна Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, корт иелері Катажина Кава – Алисия Росольскамен шеберлік байқасты. Екі сағатқа созылған ойын тағдыры супер тай-брейкте шешілді, нәтиже - 6:4, 5:7, 10:5.

Қоса кетейік, Анна Данилина өз спорт жолында жұптық сында үшінші рет WTA жарысының чемпионы атанды. Өткен жылы Гданьск (Польша) қаласында үздік шықса, биыл жыл басында Сиднейде WTA-500 турнирінің жеңімпазы болған еді.