Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің чемпионы болды

0
918

Ол жұптық сында Биаррице (Франция) W60 турнирінің чемпионы атанды.


Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің чемпионы болды

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Анна Данилина ITF Women халықаралық жарыстарының өз мансабындағы 25-ші атағын олжалады, деп жазады zakon.kz.

Ол жұптық сында Биаррице (Франция) W60 турнирінің чемпионы атанды.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина мен украиналық Валерия Страхова финалда аргентиналық Мария Лурдес Карле - ресейлік Мария Тимофеевамен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда аргентиналық-ресейлік жұп басымдылық көрсетті. Есеп - 6:2.

Екіншісінде Данилина мен Страхова есе қайырды. Есеп - 6:3.

Одан кейін супер тай-брейкте Данилинаның жұбы жеңісті жұлып алды. Есеп - 14:12.

Жүлде қоры 60 мың доллар болатын бұл тартысты турнир 1,5 жарым сағатқа созылды.