Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерді жеңіспен бастады

0
460

М.Кукушкин Хельсинкиде іріктеу сайыстарынан кейін негізгі жарыстың алғашқы айналымында италиялық Стефано Травальямен шеберлік байқасты.


Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерді жеңіспен бастады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Бейбіт Жукаев челленджер турнирлерін жеңіспен бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

М.Кукушкин Хельсинкиде іріктеу сайыстарынан кейін негізгі жарыстың алғашқы айналымында италиялық Стефано Травальямен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 6:4 есебімен ұтып, екінші айналымға шықты. М.Кукушкин ширек финалға шығу үшін ресейлік Евгений Карловскиймен таласады.

Б.Жукаев Жапонияның Кобе қаласында бастапқы кездесуін сәтті өткізді. Бейбіт корт иесі Ючи Сугитаны 4:6, 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Қазақстандық теннисші бәсеке барысында 24 эйс жасап, көзге түсті. Ол екінші айналымда әлемнің 84-ракеткасы, доданың бірінші ракеткасы, аустралиялық Кристофер О'Коннелмен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны анықталғанын жазған болатынбыз.