Қазақстандық төрешілер волейболдан Азия чемпионатында төрелік етеді

0
621

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы 21-ші Азия чемпионатында Филиппинде 29 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өтеді.


Қазақстандық төрешілер волейболдан Азия чемпионатында төрелік етеді

ERNUR.KZ. Қазақстан волейбол федерациясының төрешілері Филиппиндер мен Жапонияда тамыз және қыркүйек айларында өтетін Азия чемпионатының матчтарына тағайындалды, деп жазады olympic.kz.

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы 21-ші Азия чемпионатында Филиппинде 29 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өтеді. Аталған додада халықаралық санаттағы төреші Юлия Акулова қызмет етеді.

12-19 қыркүйек аралығында Жапонияда волейболдан 21-ші Азия чемпионатының кездесулерінде ерлер командалары арасында халықаралық дәрежедегі төреші Айдос Ахметов жұмыс істеуге мүмкіндік алды.