Қазақстандық үшінші файтер UFC-мен келісімшартқа қол қойды

0
695

Бұған дейін промоушнмен Жалғас Жұмағұлов және Шавкат Рахмонов келісімшарт жасасқан болатын.


Қазақстандық үшінші файтер UFC-мен келісімшартқа қол қойды

ERNUR.KZ. Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4-0) әлемдегі ең танымал UFC (Ultimate Fighting Championship) промоушнімен келісімшартқа отырды, деп жазады Vesti.kz.

Бұл туралы "Спорт-Экспресске" берген сұхбатында қазақстандық файтер, жақында UFC-мен келісімшарт жасасқан Жалғас Жұмағұлов айтты.

"Досым әрі клубтасым Сергей Морозов бар. UFC-мен келісімшарт жасасып қойды деуге де болады. Екеуіміздің дебютіміз бір күнде болатын шығар", - деді Жұмағұлов.

Морозов - жеңіл салмақта M1 Challenge чемпионы. Соңғы жекпе-жегін 19 қазанда Нұр-Сұлтанда өткізген. M-1 Challenge105 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Джош Реттингхаустан ревнаш алып, титулын қорғап қалған еді.

Осылайша, Сергей Морозов UFC-дегі үшінші қазақстандық атанбақ. Бұған дейін промоушнмен Жалғас Жұмағұлов және Шавкат Рахмонов келісімшарт жасасқан болатын.