Қазақстандық зілтемірші әлем кубогында топ жарды

0
622

Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы өтіп жатыр.


Қазақстандық зілтемірші әлем кубогында топ жарды

ERNUR.KZ. Қазақстандық ауыр атлет Абылай Әуелханов жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп жазады Olympic.kz.

Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы өтіп жатыр. Онлайн форматында өтіп жатқан халықаралық бәсекеде Қазақстан спортшысы үздік танылды.

Абылай Әуелханов 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысты. Қоссайыс нәтижесінде жалпы 237 (102+135) келіні бағындырып, әлемдік жарыста топ жарды.