Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатынан тағы үш медаль еншіледі

0
688

Карина Құзғанбаева 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында алтын жүлдегер атанды.


Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатынан тағы үш медаль еншіледі

ERNUR.KZ. Ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының кезекті жарыс күнінде қазақстандық спортшылар тағы үш медаль жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz.

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Карина Құзғанбаева 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында алтын жүлдегер атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 227 келіні бағындыран (101+126).

+81 келіде бақ сынаған Айсамал Сансызбаева Азия чемпионы атанды. Оның көрсеткіші – 249 келі (109+140).

Ал ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Сәпи Есенкелді қола жүлдеге қол жеткізді. Сәпи екі жаттығу қорытындысы бойынша 311 келіні бағындырған.